Ақтөбеде пойыз қар құрсауында қалып қойды
Желіде Ақтөбе облысындағы жағдай тарады
Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысындағы қар құрсауында қалған пойыздың видеосы тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
ҚТЖ бұл теміржол учаскесі жеке компанияға тиесілі екендігін айтты.
"Ұзындығы 10 шақырым болатын бұл темір жол учаскесі "Береке-Бизнес" ЖШС жеке компаниясына тиесілі. ҚТЖ бұл тармақтағы жолдарды тазалау мен күтіп ұстауға жауапты емес. Жеке компанияның жұмысшылары мінген пойыз қар басқан жолда тоқтадған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жол тазартылып, пойыз 30 минуттан кейін жолға шықты", - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.