Жаңалықтар

Бұрқасын, көктайғақ, жел: 13 наурызда ауа райы қандай болады?

13 наурызға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 13 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) көп жауады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 28 метрге дейін жетеді.

Абай облысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың шығысында көп қар жауады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын, түнде облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында көп мөлшерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні секудына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте де жауын-шашын, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Кей уақытта көктайғақ, тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауып, тұман болады. Солтүстік-батыс бағыттан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматыда түнде да жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда тұман. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.