Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев сот залында судьяның сұрақтарына жауап беріпті

Білімі туралы сұраққа ол жоғары білімі бар екенін атап өтті

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Прокурордың сұрақтарына жауап берген Бишібаев бойдақ екенін айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Zakon.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Алдын ала тыңдау кезінде Қуандық Бишімбаев сот залында судьяның сұрақтарына жауап берді. Білімі туралы сұраққа ол жоғары білімі бар екенін атап өтті. Келесі кезекте судья оның отбасылық жағдайын сұрады, оған Бишімбаев қазір бойдақ екенін айтты. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың бар-жоғы туралы сұраққа жауап берген Бишімбаев өзінің 15, 13 және 10 жастағы үш баласы бар екенін жеткізді.