Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Қаржы

Доллар өсіп жатыр ма? 11 наурыздағы валюта бағамы қандай?

Доллар, рубль, еуроның теңгеге шаққандағы құны қанша?

Доллар өсіп жатыр ма? 11 наурыздағы валюта бағамы қандай?
Фото: egemen.kz

ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша 11 наурыздағы валюта бағамы қандай екенін жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Ресми мәлімет бойынша доллар бағамы – 447,29 теңге, еуро – 487,32 теңге, рубль – 4,93 теңге.

Астанада айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 447,5 теңге, сату бағамы 452,5 теңге. Ал еуроны орташа сатып алу бағамы 487 теңге, сату бағамы 492 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,8 теңге, сату бағамы 4,95 теңге.

Алматыда айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 448,9 теңге, сату бағамы 450,9 теңге болса, еуроны орташа сатып алу бағамы 488 теңге, сату бағамы 492 теңге.

Алматыдағы айырбастау орындарында рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,81 теңге, сату бағамы 4,93 теңге.

Шымкентте ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 448 теңге, сату бағамы 451 теңге, еуроны орташа сатып алу бағамы 487 теңге, сату бағамы 491 теңге.

Шымкенттегі айырбастау орындарында рубльді орташа сатып алу бағамы 4,85 теңге, сату бағамы 4,9 теңге.