Қазақстан облыстарында жолдар жабылды
Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылды
10 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыстағы республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 204 шақырым болатын бір автожол:
- "Қызылорда-Павлодар" - Қызылорда қаласы-гр.Ұлытау обл.
-
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 208 шақырым болатын бір автожол:
- "Қызылорда-Павлодар" - гр.Қызылорда облысы-Талап кенті.
-
Республикалық маңызы бар автожолдарда күтіп ұстау жұмыстарына 232 бірлік техника және 316 адам жұмылдырылды.