Ресейдегі Қазақстан азаматтарының өлімі туралы ақпарат
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды
БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҰҚК-не сілтеме жасап.
Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады.
Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.