Жаңалықтар

Испаниялық суретші Димаштың құрметіне жаңа мангасын басып шығарыпты

6 наурызда Испанияның Planeta de Agostini атты беделді баспасы Димаш Құдайбергеннің туындысынан алған шабытының нәтижесінде "Ғарыш дауыстары" атты жаңа мангасын басып шығарды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Voices of space" ("Ғарыш дауыстары") – 25 беттен тұратын фантастика жанрында жазылған туынды. Бұл – туабітті таңғажайып қабілеті – бірегей даусымен ғаламды өзіне еліктіріп, айналасына бақыт пен қуаныш сыйлайтын ерекше өнерлі адамдарға арналған туынды.

«Мен бұл шығарманы Димаштың ерекше таланты мен ғажайып дауысын көпшілікке таныту мақсатында жаздым. “Voices of space” – басты кейіпкер, ғарыштық жарыстарда өз дауысымен сайыстарға түсетін басты кейіпкер туралы фантастикалық және фэнтезий манга», – деп бөлісті Альберто Митя.