Жаңалықтар

Қазақстандық гроссмейстер Мәскеуде өткен шахмат турнирінде жеңіске жетті

Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен Aeroflot Open 2024 шахмат фестивалінде бірінші орын алды

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен шахмат турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Newsroom.kz  порталы  ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен Aeroflot Open 2024 шахмат фестивалінде бірінші орын алды» делінген хабарламада.

Жарысқа FIDE рейтингінде 2300-ден жоғары ұпай жинаған шахматшылар қатысты. Сонымен қатар, турнирге 15 жасқа дейінгі қатысушылар да атсалысты.

«Асаубаевамен бірге фестивальде еліміздің намысын Қазбек Нөгербек (18 орын), Даниал Сапенов (21), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) қорғады. Турнирге барлығы 500-ден астам адам қатысты» деп түсіндірді комитеттегілер.