Жаңалықтар

Атышулы продюсер Баян Алагөзова сахнада шпагатқа отырып, елдің назарына ілікті

Көрермен назарына алғаш ұсынылған мюзиклдың тұсауы 5 наурызда  кесілді

Баян Мақсатқызы  "Queen show" мюзиклын орындаймын деп, елдің сынына ұшырады, деп хабарлайды Newsroom.kz 

Көрермен назарына алғаш ұсынылған мюзиклдың тұсауы 5 наурызда  кесілді. Оған көптеген артистер, блогерлер мен әншілер қатысқан. Билет құны 30 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгені құрады.  Сонымен бірге, мюзиклда Кешью тобының бұрынғы солистері Жанар Дұғалова, Ерке Есмахандар да өнер көрсеткен. Десе де Баян Мақсатқызының сахнада сомдағын образы мен киім үлгісі біреуіне ұнаса, біреуіне ұнамаған. Бірақта жасы 50-ге келседе сахнада шпагатқа отырғаны елді таңғалдырды.