“Жәнібекті өзіме ұқсаттым” Бельгиялық қазақтың әкесі табылды ма?
Жәнібектің болжамды әкесі кім?
55 жастағы Қайрат Бекшаев Испаниядан Қазақстанға анасын іздеп келген Жәнібектің болжамды әкесі болу мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Көреміз" бағдарламасында Қайрат Бекшаев 2001 жылы бір емес, екі келіншекпен көңіл жарастырғанын жеткізді. Тіпті 24 жастағы ұлын Жәнібекке ұқсатып, өз еркімен ДНК сынамасын тапсырып та көрген.
"Жәнібекті өзіме қатты ұқсаттым", – дейді Қайрат Бекшаев.
Алайда, ДНК сынамасы мүлде басқалай болып шықты. Қайрат Бекшаев Жәнібектің әкесі емес. Ұқсастық нөл деңгейінде.
Кейіпкер күдігі расталмаса да Жәнібекке көмектесуге дайын екен айтады.