Жаңалықтар

+18 градус жылылық: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

8 наурызға арналған ауа райы

"Қазгидромет" РМК 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Астанада 8 наурызда аспан бұлтты, күн райы құбылмалы, түнде аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -15-17°С, күндіз: -4-6°С.

Алматыда 8 наурызда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: 0-2°С, күндіз: +8+ 10°С.

Шымкентте 8 наурызда аспан бұлтты болып, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +4+6°С, күндіз: +18+20°С.