Өзбек президентін тәнті еткен қазақ қызы жаңа қызметке тағайындалды
Мерей Ералиқызы жаңа лауазымға тағайындалды
Аманбаева Мерей Ералиқызы Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп Палатасының Навои Облыстық Департаментінің басшысы болып тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп Палатасына сілтеме жасап.
Мерей Аманбоева палата әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған алғашқы әйел болды.
Аманбаева Мерей 1997 Жылы Науаи облысының Нұрота Ауданында дүниеге келген. Науаи Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Еңбек жолында жеке кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істеді. 2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы болып жұмыс істейді. Ол сондай-ақ 2020 жылы "Зульфия" Мемлекеттік Сыйлығымен марапатталды.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің алдына шығып, қазақша сөйлеген қазақ қызы Мерей Ералиқызының видеосы кең таралып кеткен еді. Ол өз сөзінде бұл әрекетті әдейі жасағанын айтты.
«Мен мұны бұрыннан ойлап жүргенмін. «Президентпен кездесетін болсам, алдымен қазақ тілінде сөйлеймін, осылайша ол қазақ екенімді білсін, сосын өзбекше жалғастырамын, өзбек тіліне деген құрметімді білсін» деп ойлап жүретінмін. Негізі, ереже бойынша алдымен өзбекше сөйлеп, сосын қазақ тілінде сөйлеуге рұқсат сұрауым керек екен. Ал мен керісінше алдымен қазақша сөйлеп, кейін өзбекше сөйлеуге рұқсат сұрадым, президент өзбекше жалғастыруға рұқсат сұрағаныма қуанып, алғысын білдірді. Мен үнемі айтамын: қазақ пен өзбек – түбі бір, бауырлас ұлттар. Өзбекстаннан кеудемізді итеріп, ешкім кет деп жатқан жоқ. Керісінше жағдайымызды жақсартуға мүмкіндік беріп отыр», - дейді қандасымыз.