Доллар түсіп кеткен бе? 7 наурыздағы валюта бағамы қандай?
7 наурызда доллар мен Ресей рублі қаншадан сатылып жатыр?
7 наурыз күні доллар мен рубльдің орташа бағасы белгілі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы kurs.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5 — 451,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 447,5 — 452,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамы — 1 долларға 447,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,96 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85 — 4,92 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,8 — 4,95 теңгеден сатылуда.