Сұмдық! Армяндар ресейлік шекарашылар елден кетсін депті

Армения Ресейге осы мәселе бойынша" нақты ұстанымы бар" ресми хат жіберді", - деді Григорян

Фото:ForPost

Армения Ресейдің ФСБ Шекара қызметінің Звартноц әуежайындағы жұмысын тоқтату туралы өтініш жіберді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы армян бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып.

Брифинг барысында Армения Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорян өз елінің ресми ұстанымы Еревандағы Звартноц әуежайында Ресей емес, Армения шекара әскерлері шекаралық бақылауды жүзеге асыруы керек екенін айтты.

"Армения Ресейге осы мәселе бойынша" нақты ұстанымы бар" ресми хат жіберді", - деді Григорян.

Хабарланғандай, Армения-Ресейден тыс жерде Ресей шекарашылары жұмыс істейтін жалғыз ел. Төрт отряд Гюмри, Армавир, Арташат және Мегриде орналасқан. Звартноц әуежайында жеке бақылау бекеті бар.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның "де-юре"ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтату шарты туралы айтқан болатын.

Жүктелуде...