Жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 азамат Westoil Software мекемесіне жұмысқа орналасыпты
Бірінші кезекте жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі компанияның талаптарына сәйкес келетін 20 адам іріктелді
6 наурызда жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 адам WestoilSoftware компаниясына жұмысқа орналасты,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы WestoilSoftware Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Компания директорының орынбасары Ақылбек Садуевтің айтуынша, жұмысқа орналасуға үміткер 75 азаматтың 20-сы әңгімелесудің барлық кезеңдерінен өтіп, жұмыстарына кірісті.
-Бірінші кезекте жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі компанияның талаптарына сәйкес келетін 20 адам іріктелді. Қазіргі таңда олар жұмыс орындарына бөлінді, барлық құжаттарын жинап, физикалық тексеруден өткеннен кейін жұмыстарына кіріседі, - деді Ақылбек Садуев.
Компания заңсыз наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген адамдардың орнына кезең-кезеңімен мамандар жинайтынын атап өтті.
Ал, жұмысын жалғастырғысы келетін жұмысшылардың бос лауазымдарға өзге азаматтар жұмысқа қабылданғанға дейін жұмысына қайта оралуына мүмкіндігі бар.