Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Қазақ тілін білмейміз» Әлихан Бөкейханның шөбересі неге өз тегінен қысылады?

Әлихан Бөкейханның ұрпақтары туралы не білеміз?

«Қазақ тілін білмейміз» Әлихан Бөкейханның шөбересі неге өз тегінен қысылады?
Видеодан кадр

Күні кеше 5 наурызда мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына 158 жыл болды. Әлихан Бөкейхан мен оның сенімді серіктерінің бастамасымен «Қазақ» газеті ашылды, «Алаш» партиясы, кейін Алаш Үкіметі құрылды. Автономия ретінде күш-қуатын бекіте түскен ел зиялылары Алаш әскері жасақталды. 

Ал сол Әлихан Бөкейханның ұрпақтары туралы не білеміз? Олардың қазіргі жағдайы қалай? Newsroom.kz порталы Майя Бекбаеваның ютуб арнасына сілтеме жасап, "Алаш" қозғалысы жетекшісінің шөбересі туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

"Алаш" қайраткерлерінің ұрпағының тағдыры - өте маңызды тақырып. Алаш қозғалысының жетекшісі болған Әлихан Бөкейханның немересі Петр Евгенийұлы Бөкейханов қазақ тілі, мәдениеті туралы ештеңе білмейді екен.

"Әлихан Бөкейханның саяси қызметі оның барлық ұрпағының өмірінің күл-талқанын шығарды. Оның ұрпағының барлығы орыстілді адамдарға айналды. Менің тегімдегі жалғыз қазақ - Әлиханның өзі. Ары қарай менің атам, әкем, мен де орыс қыздарына үйлендік. Біз қазақ тілін білмейміз, қазақша жазбаймыз. Қазақстандағы өмір туралы да ештеңе білмейміз",- деді Петр Бөкейханов.

Асылдың сынығы өз тегінен де қысылатынын айтты.

"Бөкейханов деген тектің өзі орыстың тегіне ұқсамайды. Бір кезде бір адам менің тегімді естіген соң, менің де тегім керемет емес деді",- деп айтты Әлихан Бөкейханның шөбересі.