Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Атырауда тұрғын автобус жүргізушісін соққыға жығыпты

Қоғамдық көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Атырауда тұрғын автобус жүргізушісін соққыға жығыпты
Фото: Прикаспийская коммуна

Атырауда қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған күдікті ұсталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Жүргізуші дене жарақатын алып, медициналық көмек алып жатқан көрінеді.

"5 наурыз күні сағат 14:40 шамасында 47 жастағы азамат қоғамдық көлік ішінде Атырау қаласындағы  №22 жолаушыларды тасымалдайтын автокөліктің 49 жастағы жүргізушісін ұрған. Қазіргі уақытта жүргізушіге келтірілген дене жарақатын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ұсталып, оған қатысты бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды",- делінген Полиция хабарламасында.