Instagram әлеуметтік желісінде танымал қазақстандық журналист Бейсен Құранбектің әкесі көрсетілген әсерлі видео пайда болды. Белгілі болғандай, бейнежазба журналисттің жаназасында түсірілген, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Видеода қайғыдан қан жұтқан қарияның ұлын ақтық сапарға шығарып салуға келген көпшілікке алғыс айтып жатқанын көруге болады. Орны толмас қазадан соң ет жүрегі езілген әке баласының жаназасында өз-өзін әрең ұстаған.
- "Бірлік болсын. Әбден рахмет айтамын. Алланың нұры жаусын" - деді Абай мырза. - Бейсен Құранбектің әкесінің әсерлі видеосы көптеген желі қолданушыларын жылатты. Олар біртуар ұлынан айырылған қарияға басу айтып, оны барынша жұбатуға тырысқан. "Мықты болыңыз аға. Балаңыздың жатқан жері жайлы болсын" , "Мойымаңыз аға. Көпке үлгі болған перзент тәрбиледіңіз. Жаны жәннатта болсын" , "Алла сабыр берсін" , "Тектілік деп осыны айт. Өзегі өртеніп жатса да, ел алдына шығып алғыс айтып тұр" , "Ата сізге де күш берсін жаратушым. Бәріміз де қимаймыз" , - деп жазуда көпшілік.