"West Oil Software" тағы да мәлімдеме жасапты
Бүгінгі күні 20 адам әңгімелесудің барлық кезеңінен өтті
"West Oil Software" компаниясы осыған дейін мәлімдегендей, қазір компания жұмысқа орналасу кезегіне тұрған жұмыссыз азаматтар арасында әңгімелесу жүргізіп жатыр,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Бүгінгі күні 20 адам әңгімелесудің барлық кезеңінен өтіп, сот шешімімен жұмыстан шығарылған заңсыз ереуілге қатысушылардың орнын басып, жұмысқа кірісіп жатыр.
Алдағы уақытта заңсыз ереуілді тоқтатқысы келмеген бұрынғы жұмысшылардың барлығы біртіндеп ауыстырылатын болады.
Заңсыз ереуілге қатысушылардың жұмысқа қабылдау ісі аяқталмай тұрып, келісім комиссиясы арқылы жұмыс орындарына қайта оралуларына мүмкіндіктері бар.
Ақылға келіп, заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырамыз. Кәсіпорын өз тарапынан еңбек жағдайын жақсартуды, құрал-жабдықтарды жаңартуды және жылы автомобиль бокстарын салуды өз міндетіне алады.