Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы үйқамаққа алынды

Жуырда ғана Мұрат Досмұратов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 72 сағатқа қамауға алынған еді

Фото: kmg.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Жуырда ғана Мұрат Досмұратов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 72 сағатқа қамауға алынған еді.  Сондай-ақ Досмұратовтың ұсталуының Атырау мұнай өңдеу зауытындағы соңғы оқиғаларға қатысы жоқ екені атап өтілді.

Қазір «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жүктелуде...