Жаңалықтар

Ақтауда әйелдер 8 наурызда автобуста тегін жүреді

Мейрамға байланысты нәзік жандар қоғамдық көлікте тегін жүреді

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Ақтаулық әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүре алады,  деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің айтуынша, №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 бағыттар бойынша әйелдер тегін жүре алады, - деп хабарлады әкімдік.

Қоғамдық көлік тұрақты кестеге сәйкес 06:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.