Жаңалықтар

Елімізде наурыз айында өтетін ҰБТ басталды

Қазіргі таңда 110 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген

Қазақстанда наурыз айында өтетін ҰБТ басталды, ол 30 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Newsroom.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда 110 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген.

ҰБТ-ға тіркелу 10 наурызға дейін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, Қазақстан азаматы емес ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды, - деп атап өтті ведомстводағылар.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгерген жоқ, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды.