Жаңалықтар

Бізде тек қорқытады: қазақ кәсіпкері неге күйінді?

Кәсіпкерлердің өздері орнымыздан айырылып қаламыз деп, қорқатын секілді,-деп айтты Бақтияр Құдайберген

Елімізде неге отандық өнім шықпайтынын кәсіпкер Бақтияр Құдайберген "Уақыт көрсетеді" You tube арнасына жауап берді,- деп хабарлайды  Newsroom.kz

-Кәсіпкерлердің өздері орнымыздан айырылып қаламыз деп, қорқатын секілді. Мен үлкен компания ашқым келді. Бірақ құлдыраудан қорықтым. Сонымен қатар, біздің қазақтар еңбек етуге ерінеді, өркөкіректік басымырақ  2 күн жұмыс жасап, сенен бастық сияқты болып тұрады. Үкіметтің көмегі керек. Үкіметтің көмегінсіз қатты алға шаба алмаймыз. Біз қарапайым етті де шығара алмай отырық. Кәсіптің ашылуын бірінші ойлаудың орнына бірінші жабылуын ойлап береміз. Елімізді көтереміз деген кәсіпкерлер өздері қайжаққа барарын білмей қалды. Жалғыз орманда қалған  сияқты кейіп танытады. Қазақстан университет секілді адамдар үйреніп алады да шетелде жүреді,- деді кәсіпкер Бақтияр Құдайберген.