Аймақтар

Ақтауда 7 жасар қыздың саусағын эскалатор кесіп кетті

Қазір қыз ем-дом қабылдап жатыр

Ақтау қаласындағы сауда үйінде жеті жастағы қыз эскалаторға саусағын кесіп алған,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған бүлдіршін ауруханаға жеткізілгенін айтты. 

Дәрігерлер саусағын аман алып қалу үшін қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасады. Оған тиісті медициналық көмектің барлығыкөрсетілді. Ал саусағының тұтастығына қатысты алдын ала болжам жасауға ерте, - делінген хабарламада.