Алматыда жоғалып кеткен 18 жасар қыз өлі табылды
Оқиғаның мән-жайы белгісіз
Алматыда биыл қаңтарда із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы LIDER.KZ еріктілерінің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
Әмина Ерланқызы 2005 жылы дүниеге келген. Ол 12 қаңтарда жоғалып кеткен. Бойжеткен Алатау ауданы, Шаңырақ-2, Қаракемер көшесі, 135 үй мекенжайы бойынша үйден шығып кетіп, қайтып ораламаған.
2024 жылдың ақпан айында 18 жасар бойжеткен өлі табылды.