Жаңалықтар

Семейде екі адамға иіс тиіп, ауруханға түсіпті

Қатты отынмен жанатын пештің мұржасы бітеліп қапты

Бүгін 3 наурызда Семей қаласындағы жеке сектор - Строительный елдімекеніндегі үйде екі адам иіс тиіп, ауруханаға түсті,- деп хабарлайды newsroom.kz

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексере келгенде үйдегі қатты отынмен жанатын пештің мұржасы бітелген болып шықты. 

Оқиға орнында Абай облыстық ТЖД-ның бір қызметкері және бір техникасы жұмыс істеді.

ТЖМ пеш жағатын ел азаматтарынан бұл ретте мына ережелерді сақтауды сұрайды:

  • пешті ережелерге сай пайдаланыңыз;
  • мұржаны уақытылы тазалап, желдету жүйесінің жұмысын үнемі тексеріп отырыңыз;
  • пештерді тек мамандарға салдыртып, жөндетіңіз.