Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

“Мені де оқудан шығарды” Диспетчер жасөспірімді суицидтен құтқарыпты

Құтқару қызметінің диспетчері жасөспірімді өз-өзіне құл жұмсаудан құтқарды

“Мені де оқудан шығарды” Диспетчер жасөспірімді суицидтен құтқарыпты
Кадрдан видео

Құтқару қызметінің диспетчері жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне кедергі жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Бүгін 3-ші наурызда таңғы сағат 9-да Абай облысының ТЖД 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірімнен хабарлама келді.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады, ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.

Оның жасөспіріммен әңгімесінің видеосын ТЖД жариялады. Шамасы, бала оқу проблемаларына байланысты өзін-өзі өлтіргісі келді.
 

"Уайымдамаңыз. Оқу ең маңызды нәрсе емес. Мен де оқудан шығарылдым, басқа мамандыққа түстім. Бұл проблема емес. Сіз білесіз бе? Мен бірінші шаштаразға түстім. Содан кейін маған қабілетім жоқ екенін айтты, мені оқудан шығарды", - деп Айжан Қаленова жасөспірімді сөзбен демеді.