Жаңалықтар

Атырауда есірткі фитолабораториясы жойылды

Полицейлер үйінде қарасора өсірген 51 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинология қызметі орталығының өкілдері бірлесіп үйінде қарасора өсірген 51 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Ол өсімдікке жылу беретін жарық құрылғылары мен суару жүйелерін орнатып, құнарлы топырақ пайдалана отырып есірткі фитозертханасын жабдықтаған.

Тексеру барысында салмағы 1 келіден астам 68 түп қарасора тәркіленді.

Қазіргі таңда құрамында есiрткi заттары бар тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.