Геннадий Головкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Боксшы әлеуметтік желісінде жазба қалдырды
Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа президенті Геннадий Головкин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Боксшы Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.
"Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық. Ұлттық Олимпиадалық комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінеміз, өзіндік көзқарасымыз, жүзеге асыратын жоспарларымыз бар. Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, Президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді".Геннадий Головкин