Жаңалықтар

Елімізде қарапайым халыққа берілетін банктік несиелердің пайыздық мөлшерлемесі көтеріліпті

Құжатқа сәйкес, теңгедегі ең арзаны халыққа үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге берілген несиелер – 18,7%

Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) 2024 жылы қаңтарда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда халыққа берген теңгедегі несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жалпы алғанда 2,8%-ға өсіп, 20,7% болды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Құжатқа сәйкес, теңгедегі ең арзаны халыққа үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге берілген несиелер – 18,7%, ең қымбаты – бір айға дейінгі мерзімге 33,2%.

Заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,2%-ға, яғни 18,5%-ға дейін төмендеді. Шетел валютасындағы несиелер бойынша мөлшерлеме өзгерген жоқ, ол 5,7% болды. Қаңтар айында бизнес үшін теңгедегі ең қымбаты ұзақ мерзімді несиелер болды – бес жылдан астам мерзімге – 19,6%, ең арзаны – бір айдан үш айға дейінгі мерзімге – 18,2%.