Динара Сұлтан анасына салоннан 13 млн теңгенің жаңа көлігін сыйлады

Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан анасының туған күнінде оған естен кетпес тосынсый жасады

Фото: instagram dinara_sultan

Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан анасының туған күнінде оған естен кетпес тосынсый жасады. Өнер иесі өзіне өмір сыйлаған аяулы анасына салоннан жаңа көлік сыйлаған, деп хабарлайды Newsroom.kz

Динара Сұлтан анасына аса бағалы сыйды тарту еткен сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Онда өнер иесінің анасына салонда жаңа көліктің кілтін табыстап жатқанын көруге болады. Туған күн иесі жұлдызды қызының сыйлығынан кейін қуанышын жасыра алмай, оған алғысын айтқан. "Әр баланың арманы - анасын қуанту, үмітін ақтау. Анамыздың мерей тойына орай, күйеу баласымен Changan дилерлік орталығынан даралығымен ерекшелей түсетін және жолда сенімділікті қамтамасыз ететін керемет көлікті сыйға тарттық", - деп жазды әнші. 

Жүктелуде...