Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі Ресейдің жауынгерлік зымырандарының Қазақстан аумағында сыналғанын растапты

Вице-министр “Сарышаған” полигоны 2030 жылға дейін жалға берілгенін айтты

Мәжіліс кулуарында қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ресей Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонында қандай зымырандарды сынақтан өткізіп жатқанын айтты,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-министр “Сарышаған” полигоны 2030 жылға дейін жалға берілгенін айтты.

“Онда Ресей Федерациясының 110-оқу орталығы сынақ өткізеді. 200 шақырым ұзаққа ұша алатын зымырандар ұшырылады. Бұл полигонда ешқандай инфрақұрылым, тұрғын жоқ, ешкім зардап шекпейді”, – деді министр орынбасары. 

Сонымен қатар ол 50 сағат қана сынақ жүргізілетінін айтты.

“Сарышаған полигонының келісімшартын сыртқы істер министрлігі қарайды. Біздің құзыретімізге жатпайды”, – деп сұрақтан қашты ол. 

Онда Ресей федерациясының қанша әскері бар деген журналист сұрағына вице-министр “900 адам” деп жауап берді.