Кабирхан 1 миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

Әйгілі қазақстандық жылқы БАӘ-де өтетін жарысқа қатыспақшы

Фото: Sportbox

Әлемге әйгілі қазақстандық жылқы Кабирхан 1 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысына қатысатын болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,7 араб дирхамын құраса, ең жүйрік ат иесіне 1,02 млн дирхам ақшалай сыйлық беріледі.

Бұған дейін Кабирхан екі бірдей беделді жарыста топ жарған болатын.

Жарыстардағы сәтті өнерінен кейін Кабирханға көз тіккендер көбейіп, иесі Тілек Мұханбетқалиевке миллион долларға сатуға ұсыныс жасағандар да болған көрінеді.

 

Жүктелуде...