Астанада ер адам көше сыпырушыға жұдырық ала жөнелді
Профилактикалық әңгіме жүргізіліпті
Елорланың Кенен Әзірбаев көшесінде тұрғын көше сыпырушының жағасынан алып, жұдырық ала жөнелді,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсуде.
Астана қаласының Полиция департаменті оқиғаға байланысты түсінік берді.
"Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында жүргізуші мен жұмысшы арасындағы жанжалдың бейнежазбасы анықталды. Полиция қызметкерлері төбелескендердің кім екенін анықтады. Осы дерек бойынша жұмысшыдан шара қолданбағаны туралы арыз түсті. Профилактикалық әңгіме жүргізілді", – делінген хабарламада.