Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай төгілгені видеоға түсіп қапты

Зауыттың баспасөз қызметі ақпаратты растады

Видеодан кадр

Куәгерлер Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгіліп жатқанын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қондырғы құбырларынан сұйықтық төгіліп жатқаны түсірілген видео тарады. Видео сипаттамасында Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгілгені жазылған.

Зауыттың баспасөз қызметі ақпаратты растады. Олардың айтуынша, кеше, 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған бензин коллекторынан қуыс табылған.

"Өнімді жылдам ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв.см қысыммен су жіберілді. Қазіргі уақытта ақау табылған аумақты жою бойынша жедел шаралар қабылданды. Барлық технологиялық қондырғы қалыпты жұмыс режимінде, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сай жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.

Жүктелуде...