Жаңалықтар

Қазақстанда зиянды өнімдерді жарнамалауға тыйым салынады ма?

Қазақстанға энергетикалық сусындар, чипстер, фастфуд және басқа да зиянды өнімдер сәйкестік туралы декларациямен әкелінетінін мәлімдеді

Парламент сенатының депутаттары үкіметке Қазақстанда зиянды өнімдерді жарнамалауға тыйым салу туралы ұсыныспен жүгінді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова сенат депутаттарының сауалына жауап бере отырып, Қазақстанға энергетикалық сусындар, чипстер, фастфуд және басқа да зиянды өнімдер сәйкестік туралы декларациямен әкелінетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол өнімдер өткізу сатысында сатып алу және өнімдерді санитарлық-эпидемиологиялық мониторингілеу аясында бақылаудан өткізіледі. Бұл ретте Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында салауатты және рационалды тамақтану және салауатты әдеттерді, оның ішінде балалар арасында қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген. "Денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат министрліктері ұлттық телеарналар мен радиоарналарда балаларға арналған зиянды өнімдерді жарнамалауға уақытша шектеулер енгізу мәселесін қарастыруда", - деді вице-премьер өз жауабында.