Жаңалықтар

Елімізде орташа зейнетақы қаншаға өсті?

Қазақстанда 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады

Қазақстанда 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Ведомство ақпаратынша, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 210,4 млрд теңге жұмсалды.

"2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге", - делінген хабарламада.