Ақмолада шенеуніктер бюджет қаражатын жымқырып келіпті
Олар 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келген
Целиноград ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеру нәтижелері анықталды, деп хабарлайды Newsroom.kz
Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды.
«Бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп хабарлады Ақмола облыстық прокуратурасы.
Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.