Целиноград ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеру нәтижелері анықталды, деп хабарлайды Newsroom.kz
Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды.
«Бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп хабарлады Ақмола облыстық прокуратурасы.
Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.