Аймақтар

Сұмдық! Кентаудағы балабақша аспазы баланы ұрып тастаған

Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінде аспаз кішкентай баланы ұрған ба?

Түркістандағы балабақшалардың бірінде кішкентай баланы ұрып-соққан әйелдің видеосы тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бейне авторының айтуынша, балабақшаға екінші күні келген баланы аспаз ұрып-соққан.

"Бұл Түркістандағы балабақша. Бала балабақшада екінші күні ғана болды, ол әлі үйренбегені анық, мүмкін жылап жатыр. Бірақ бұл оны осылай ұру керек дегенді білдірмейді. Аспаз ұрды. Бұл жағдайда тәрбиешілер, күтушілер қайда болды?!"- деді роликтің авторы.

Басылымның журналистері Түркістан облысының әкімдігіндегі жағдайға түсініктеме беруді сұрады. Алайда, олар әлі сұрауға жауап берген жоқ.