Әлем

Өзбекстандықтар АҚШ президенті Джо Байденді сотқа беріпті

35 өзбекстандық АҚШ президентін сотқа берген

Америка Құрама Штаттарына Мексика арқылы келген Өзбекстан азаматтары ел президенті Джо Байденді сотқа берді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы upl.uz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметтеріне сүйенсек, өзбекстандықтар АҚШ-тың қазіргі 46-шы президенті Джо Байденді ғана емес, сонымен қатар ішкі қауіпсіздік департаментінің хатшысы Алехандро Майоркасты, иммиграция және кеден қызметі директорының міндетін атқарушы Патрик Лейххайтнерді және басқаларды сотқа берді.

Талапкерлер - АҚШ-тағы әртүрлі иммиграциялық орталықтарда ұсталған 35 өзбекстандық екен. Сотқа беруге олардың қамалуы себеп. Өтініш берушілер өздерін ұстағандарды "кемсітушілік саясатын жүргізді"деп санайды. 

Өзбекстандықтар оларды ұстау рәсімін заңсыз деп жариялауды, оларды босатуды және адвокаттардың шығындарын өтеуді талап етеді. Сондай-ақ құжатта өзбекстандықтар тиісті талаптарға сай келмейтін тергеу изоляторларында ұсталатыны, олардың адвокатқа баруы шектелгені атап өтілген.

Ұсталған Өзбекстан азаматтарының адвокаты Абадир Барре өз кезегінде бұл талап демалыс күндері берілгенін және қаралуда екенін атап өтті. Енді барлығы соттың шешімін күтуде.

Айта кету керек, ұлттық кемсітушілік — бұл адамға ұлттық, этникалық немесе шығу тегіне байланысты теріс көзқарастың немесе тең емес қарым-қатынастың бір түрі. Бұл жұмыспен қамту, білім беру, қызметтер мен тауарларға қол жетімділік және күнделікті қарым-қатынас сияқты өмірдің әртүрлі салаларында көрінуі мүмкін.