Ақырзаман жақын ба? Жерге алып астероид келе жатыр екен

Апофис астероиды Жерге жақындап келеді

Фото: media.kpfu.ru

Ғалымдар жерге алып астероид жақындап келетінін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Ғалымдар ғаламшарға төнген қауіпті Апофис астероидының жерге құлауымен байланыстырады. Бұл астероид 2004 жылғы бірнеше зерттеуден кейін ашылды.

Бастапқы есептер бойынша ол 2029 жылы Жермен соқтығысады. Болу ықтималдылық 2,7 пайызға тең. Кей бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенсек, оның диаметрі 325 метр. 

Оның қуаты ондаған атом бомбасының жарылысымен теңеседі. Бұған қоса, Апофис Жерге бір емес, бірнеше рет жақындайды. Дәлірек айтқанда, 12 рет. 2029 жылдың сәуір айында, 2036 жылдың наурызында, 2068 жылдың сәуірінде біздің планетамызға тіпті жақындай түседі. 

“2029 жылдың сәуірі, жұма күні өте үлкен астероид Жерге жақындайды. Егер Апофис траекториясы қазіргідей қалса, Жердегі ауырлық күші оны 7 жылдан кейін тағы да тартады. Яғни Апофис 2036 жылы Калифорния мен Гаваи аралының арасындағы Тынық мұхитына түсіп, салдарынан цунами Солтүстік Американың бүкіл батыс жағалауын шайып жібереді. Мұхит сақианысының барлық құрлықтарын құлатады”,- дейді АҚШ-тың астрофизигі Нил Деграсс.

Жүктелуде...