Жұлдыз Әбдукәрімова Алматыда балабақшалардың бірінде болған жағдайға алаңдапты
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі қатарластарын ұрып-соққан балалардың іс-әрекетіне қарап, ұлт болашағына алаңдайтынын айтты
Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Алматыда балабақшалардың бірінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол ойын Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom.kz
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі қатарластарын ұрып-соққан балалардың іс-әрекетіне қарап, ұлт болашағына алаңдайтынын айтты.
"Мен балаларымның денсаулығына алаңдап, дәруменді ойлап отырғанда, балабақшадағы оқиға көзден жасты сорғалатты ғой. Кіп-кішкентай балаларда осынша жауыздық қайдан пайда болған? 5 минут бойы жабылып тепкілеген. Бала көргенін жасайтыны белгілі. Тәрбие, құндылыққа мән бермесек ұлтқа қауіп төніп тұр екен. Әрине, оқиғаның мән-жайын құзырлылар анықтап жатыр. Алайда мені толғандыратыны мынау еліміздің болашағы осы бүлдіршіндеріміздің қолында. Сонда қандай ел болмақпыз?" - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.