Жаңалықтар

Қарағандыда қызыл жалыннан бір үйдің төрт баласы мерт болыпты

Полиция балалардың қанша уақыт жалғыз қалғанын және өрттің себебін анықтауда

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қасым Аманжолов ауылында жер үйде өрт шығып, балалар көз жұмды, деп хабарлайды Newsroom. kz

Белгілі болғандай, балалар ата-анасының қарауынсыз қалған. Өрт шыққан кезде ересектер көршілерінің үйінде болған.
Полиция балалардың қанша уақыт жалғыз қалғанын және өрттің себебін анықтап жатыр.
Өртті сөндірген соң төрт, үш, екі жастағы ер балалар мен бір қыз баланың денесі табылды.
Балалардың ата-анасына әзірге тергеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Бейресми дерек көздеріне қарағанда, өртке пештен шыққан жалын себеп болуы мүмкін.
Қайғылы оқиға орнында өртке қарсы қызмет сарапшылары мен полиция жұмыс жүргізуде.