Атырауда кәсіпкерден 2 млн бопсалаған блогер ұсталды
Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған
26 жасар блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген. Сондай-ақ, ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған.
Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.