Жаңалықтар

Польшадан Қазақстанға қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан астам

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Польша Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Ол 2022 жылы құрған қылмыстық топ Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен айналысқан.

"Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды."

Бас прокуратураның баспасөз қызметі