Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне жасатқан күрделі ота 5 сағатқа созылыпты
Сәбит Әбдіхалықов осыдан 8 жыл бұрын инфаркт алған
Белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов осыдан 8 жыл бұрын инфаркт алған,- деп хабарлайды Newsroom.kz
Өнер иесі өзіне күрделі ота жасалғанын instagram парақшасында жазды.
"Жаным көзіме көрінді. 2016 жылы инфаркт алып, содан жүректе ақау бар. 5 сағатқа созылған өте күрделі ота болды. Аллаға шүкір, балам қарап жатыр", - деп жазды Сәбит Әбдіхалықов Instagram желісіндегі парақшасында.