Ақшұқыр ауылының жұмыссыз азаматтары да “West Oil” мекемесіне жұмысқа орналастыруды талап етіпті
Ақшұқыр ауылының жұмыссыз тұрғындары бейнеүндеу жолдады
23 ақпан күні Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының жұмыссыз тұрғындары да бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар West Oil компаниясында босаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды талап етуде.
Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні “West Oil” компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 млн теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын.
Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды. Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты.
Осыған дейін әлеуметтік желіде Жетібай және Құрық ауылдарының жұмыссыз тұрғындарының да “Westoil Software” ЖШС босаған орындарға жұмысқа орналастыруды талап еткен бірнеше бейнеүндеуі жарияланған болатын.