Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстандық оқушылар халықаралық техникалық чемпионатқа қатыспақшы

Астана қаласында 23-25 ақпан аралығында өтетін “Central Asia First Championship “атты жарысына қатысады

Қазақстандық оқушылар  халықаралық техникалық чемпионатқа қатыспақшы
Фото: ustem_foundation

Дарынды қыз балаларға арналған Білім инновация лицей-интернатынан шыққан Nova fusion командасы 25-27 қаңтар аралығында Үндістандағы Гоа штатында өткен TGIRF жарысында Engineering excellence жүлдегері болды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Олар Астана қаласында 23-25 ақпан аралығында өтетін “Central Asia First Championship “атты жарысына қатысады.
Ауқымды шараның негізгі мақсаты -цифрлық технологияларды дәріптеу, оқушылардың ғылыми- техникалық қызметке деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Айта кетейік, қаңтар айында Қазақстан құрамасы The Goa International Robotics Festival халықаралық ашық чемпионатына қатысты. Ел намысын Екібастұз, Құлсары, Алматы және Астана қалаларының оқушылары қорғады.
Үш күндік чемпионаттың қорытындысы бойынша құрама қоржыны үш жас санатындағы алты жоғары наградамен толықты.