Жаңалықтар

Нүкенованың ағасы қарындасы көз жұмған мейрамханадағы кадрларды көрсеткен

Нүкенованың ағасының айтуынша, Бишімбаевтың адвокаттары жалған мәлімдеме жасаған

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев адвокаттарының ерлі-зайыптылар арасында "кішігірім жанжал" болды деген мәлімдемесінен кейін қарындасы қайтыс болған жерде түсірілген кадрларды жариялады, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Нүкенованың ағасының айтуынша, Бишімбаевтың адвокаттары жалған мәлімдеме жасаған.

«Бишімбаевтың адвокаттарының жалған сөзінен кейін тергеу нәтижелерінің видеодан алынған скриншоттарын жариялауға мәжбүрледі. Сондай-ақ видеоның бірінші бөлігінде біздің Салтанатқа деген қарым-қатынасымызды салып отырмын. Адвокаттардың ойынша кішігірім жанжал қалай болатынын түсінбедім. Кадрларда оның қалай тепкілеп, жұдырықтағанын анық көруге болады, ал сұхбатта адвокаттар бұндай болмағанын айтады», - деп жазды ағасы.